русский язык

2018 жылдан бастап спортқа бөлінетін қаржы тиімді пайдаланылады

2018 жылдан бастап спортқа бөлінетін қаржы тиімді пайдаланылады

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мәдениет және спорт министрлігі қаржыландырудың жаңа жүйесін енгізеді, деп хабарлады «Курсивъ».

Концепцияны әзірлеуге Ұлттық Олимпиада Комитеті көмектесуде.

«Ұлттық қордан бөлінетін ақшаны дұрыс қолдану мақсатында осындай қадамға бардық. Алдағы жылдары қанша ақша қандай мақсатта жұмсалып жатқаны бәріне белгілі болады», – делінген хабарламада. 

Мәліметтер бойынша, енді бұрынғыдай қаржы футбол мен волейболға көп бөлінбейді. Спортшылардың жетістіктеріне, халықтың белгілі бір спорт түрлеріне әуестігіне қарай қаражат біркелкі беріледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;