русский язык

Ресей құрамасы толығымен Олимпиадаға қатыспайды

Ресей құрамасы толығымен Олимпиадаға қатыспайды

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Ресей құрамасын Рио Олимпиадасына қатыстырмайтын болды.

Бұған себеп - ресейлік құрамада допинг дауына ілінгендердің саны көп болуында. Аталмыш ұйым Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімін қолдап отыр. Естеріңізде болса, 24 маусымда ХОК атқарушы комитеті Ресей өкілдерінің Олимпиадаға қатысуын халықаралық спорт федерацияларына тапсырған.

Енді ресейлік зілтеміршілердің лицензиялары басқа елдерге өтеді. Мысалы, әйелдер арасында Албания, Грузия және Молдавияға берілсе, ерлерден Белорусь, Хорватия, Сальвадор, Моңғолия, Сербия елдеріне берілді.

Айта кетейік, Ресейден бөлек, Болгария құрамасы да толығымен Олимпиадаға қатыспайды. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;