русский язык

Алмас Өтешев те Лондон Олимпиадасында допинг пайдаланған

Алмас Өтешев те Лондон Олимпиадасында допинг пайдаланған

Зілтемірші Алмас Өтешов бір жылда екі рет допинг дауына ілігіп отыр. Бұл туралы Халықаралық ауыр атлетика федерациясының ресми сайты мәлім етті.

Спортшы 2012 жылы Лондонда тапсырған сынамасы тыйым салынған заттардың бар екенін көрсеткен. Өтешовтің допинг сынамасында анаболикалық стероидтар, дегидрохлорметилтестостерон мен станазолол анықталды. Айта кетейік, ол 2012 жылы өткен Олимпиадада 7-орын алған еді.

Естеріңізде болса, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Хьюстонда өткен әлем чемпионаты кезінде қазақстандық Алмас Өтешовтің қанынан допинг табылғанын мәлімдеген болатын. Сол әлемдік додада Өтешов күміс медаль алған еді. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;