Голубев Бингемтонда жартылай финалға өтті
![Голубев Бингемтонда жартылай финалға өтті](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1469219332_618788633.jpg?v=28667440)
Андрей Голубев америкалық Бингемтонда өтіп жатқан «Челленджердің» жартылай финалына шықты. Қазақстандық теннисші британ Ллойд Глэсполды жеңді - 6:4, 2:6, 6:4.
Бір сағат, 47 минутқа созылған матчта Андрей екі брейк пен бес эйс жасай алды.
Жартылай финалда Голубев Дариан Кингпен (Барбадос) күш сынасады.