русский язык
Футбол

Қостанайлық кәсіпкер «Тобылды» 20 мыңға сатып алды

Қостанайлық кәсіпкер «Тобылды» 20 мыңға сатып алды

Қостанайлық тұрғын «Тобыл» баскетбол клубын небәрі 20 мың теңгеге сатып алды. Клуб аукцион арқылы сатылымға қойылған, деп хабарлады Korrespondent.kz.

Спорттық клубтың сатылымға шыққаны және жекенің меншігіне өткені туралы ақпарат жарияланған сайттағы фотода үстел мен орындықтар ғана клуб мүлкі екенін байқауға болады.

«Тобылдың» мұндай арзан бағаға сатылуына өзіндік себеп те жоқ емес. Негізінен аталған клуб алғаш рет алтыншы сәуірде сатылымға қойылыпты. Бірақ, бағасы тым шарықтағандықтан, сатып алушылар табылмаған.

Ал 30 сәуір күні клуб құны 50 пайызға кеміп, тағы да сатылымға шығарылыпты. Ол кезде де оған қызығушылық танытқандар табылмаған. Жекешелендіру талаптарына сәйкес, үшінші рет нысан голландиялық әдіспен өткізілген.

Нәтижесінде «Тобыл» баскетбол клубы 19 287,56 теңгеге сатылып кетті. Сатып алушы жеке кәсіпкер. Заңға сәйкес оның аты-жөні жария етілмейді.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;