«Тобыл» мен «Ертіс» матчы кейінге шегерілді
![«Тобыл» мен «Ертіс» матчы кейінге шегерілді](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1465615226_769737013.jpg?v=28694067)
Премьер-лиганың 19-турындағы «Тобыл» мен «Ертіс» матчы кейінге шегерілді.
ҚКФЛ-ға павлодарлық «Ертістің» келісімімен матчты кейінге шегеру жайлы «Тобыл» футбол клубынан хабарлама келген. Осыған байланысты Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 19-турдағы «Тобыл» мен «Ертіс» матчын 2016 жылдың 2 шілдесінен 3 шілдеге ауыстырды.