русский язык
Футбол

Павел Цыбулин: «ЕУРО кезінде 14 комментатор жұмыс атқарады»

Павел Цыбулин: «ЕУРО кезінде 14 комментатор жұмыс атқарады»

Павел Цыбулин ЕУРО-2016 барысында «Қазақстан» және Kazsport телеарналары арқылы көрсетілетін бағдарламалар мен төртжылдық үлкен додада жұмыс атқаратын комментаторлар жайлы vesti.kz сайтына берген сұхбатында айтып өтт

- ЕУРО-2016 кезіндегі барлық дерлік ойындардың көрсетілімі «Қазақстан» ұлттық арнасына тиесілі. Ойындарды «Қазақстан» мен Kazsport арналарының ғана көрсетуіне құқығы бар. 51 ойынның 36-сы «Қазақстан» арнасынан, қалған 15-і Kazsport арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. «Қазақстан» ТРК АҚ-на кіретін басқа да телеарналардың ЕУРО-2016 жайлы бағдарламалардың көрсетуіне рұқсат етілген. Тіпті Балапан арнасында да Францияда өтетін үлкен футбол мерекесіне орай бағдарламалар ұйымдастырылмақ. "Қазақ радиосы", "Шалқар" және "Астана" радиоларында арнайы эфирлер ЕУРО-ға арналады. Бұл Қазақстандағы осындай үлкен доданы тұңғыш рет толықтай, кең көлемде насихатталуы болмақ. 

- Қазіргі күні 14 комментатор ойындарды жүргізуге дайын. Оның жетеуі қазақ тілінде, қалған жартысы орыс тілінде.  Солардың ішінде Бразилияда өткен әлем чемпионатында тікелей эфир жүргізген Ермұхамед Мәулен, Ермек Төрениязов, Тимур Сүлейменов секілді тәжірейбелі комментаторлар бар. Сонымен қатар еліміздегі комментаторлық жұмыстың алпауыттары Асхат Сағынаев пен Сергей Райлянның барын айта кетейік. Олимпиада ойындары, Азия және әлем чемпионаттарында эфир жүргізген Руслан Бақытжан, Данила Малышев, Ренат Алтайбаев, Жігер Азбергенов, Уалихан Қосанбай және Әділет Құсаинов секілді тәжірейбелі мамандар да бар. Біздің қатарға енді қосылып, осындай үлкен доданы жүргізуге әбден лайық екендерін дәлелдеген Дмитрий Нестеренко, Ербол Қаиров и Нұржан Еркінұлы сынды азаматтар да бар. Әр ойындағы уақытты қазақ және орыс тілді комментаторлар теңдей екіге бөліп алады. Бірақ эфирдің үштен екі бөлігінде қазақша жүргізілетін болады. Себебі Қазақстан арнасы еліміздегі мемлекеттік тілде ғана жүргізілетін жалғыз телеарна. Бірақ Қазақстан аумағында ЕУРО-2016 додасын тарату тек «Қазақстан» ТРК АҚ еншісінде болғандықтан, орыс тілді комментаторларды қосуды жөн көрдік, - деп айтып өтті Павел Цыбулин.

Подробнее:http://vesti.kz/national/221493/
Любое использование материалов сайта допускается только при наличии активной ссылки на Vesti.kz

 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;