Димитар Димитров: «ЕУРО-ның басты фавориттері – Франция, Германия мен Испания»
![Димитар Димитров: «ЕУРО-ның басты фавориттері – Франция, Германия мен Испания»](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1465555709_771508359.jpg?v=28694653)
«Ертіс» футбол клубының бас бапкері Димитар Димитров Францияда өтетін Еуропа чемпионаты жайлы айтып берді.
— ЕУРО-2016 - Еуропадағы ең ірі жарыс. Әдемі ойындардың куәгері боламыз деген ойдамын.
— Керекуде ЕУРО-2016-ның кездесулерін сағат 19.00, 22.00 және 01.00-де көрсетеді...
— Қай уақытта көрсететіні бәрібір. Мұндай кездесулерді жіберуге болмайды.
— Медальға кім таласады деп ойлайсыз?
— Франция, Германия, Испания. Сондай-ақ, Англияны бұл тізімге қосуға болады.
— Ресей мен Украина құрамасынан қандай нәтиже күтуге болады?
— Қос құрама мықты, бірақ фавориттер қатарына жатпайды.
— Еуропа чемпионаты барысында «Ертістің» ойыншыларына түнгі ойындарды тамашалауға тыйым саласыз ба?
— Тыйым салсам да, оларды бақылай алмаймын ғой. Олар бәрібір де көретін сияқты (күледі). Бұған қоса жаттығуларымыз түстен кейін.
— Еуропа чемпионатының ақтық кезеңінде Қазақстан мен Болгария құрамасын қашан көреміз?
— Бұл өмірде көретін шығармын деген ойдамын (күледі). Қазақстан туралы айта алмаймын, бірақ Болгарияда қазір проблемалар көп: талантты жас ойыншылар аз, бұған қоса ұйымдастыру жағы нашар.