Бразилия Гаити қақпасына жеті гол соқты
![Бразилия Гаити қақпасына жеті гол соқты](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1465444977_551850907.jpg?v=28697190)
АҚШ-та өтіп жатқан футболдан Америка кубогында Бразилия құрамасы Гаити қақпасына жеті доп тоғытты.
Ойынның есебін 14-минутта Коутиньо ашқан, 15 минуттан соң Коутиньо дубль авторы атанды. Кейін Аугусто, Габриэль мен Лукас Лима есепті 5:0-ге жеткізді. 70-минутта Джеймс Марслин есеп айырмасын қысқартқанымен, соңғы сөз бразилиялықтарда қалды. 86-минутта Аугусто дубль жасаса, қосымша уақытта Коутиньо хет-трик авторы атанды. Қорытынды есеп - 7:1.
Осылайша, Бразилия құрамасы 4 ұпаймен топта көш бастады. Ал әлі де ұпай жинай алмаған Гаити соңғы орында келеді.
Америка Кубогы
Бразилия – Гаити – 7:1
Голдар: Коутиньо, 14 (1:0); Коутиньо, 29 (2:0); Аугусто, 35 (3:0); Габриэл, 59 (4:0); Лима, 67 (5:0); Марслин, 70 (5:1); Аугусто, 86 (6:1); Коутиньо, 90+2 (7:1).