русский язык
Футбол

Лукаш Тесак: «ЕУРО-ға қатыспаймын, енді бар ойым «Қайратта»

Лукаш Тесак: «ЕУРО-ға қатыспаймын, енді бар ойым «Қайратта»

«Қайраттың» словакиялық қорғаушысы Лукаш Тесак Prosportkz.kz тілшісіне «Атыраумен» өткен кездесу жайлы және Словакия құрамасының қорытынды тізіміне неліктен іліне алмағанын айтып берді. 

«Атыраумен» өткен ойын жайлы пікіріңіз қандай?

- Ең бастысы, жеңіске жеттік. Бірақ басында біраз қобалжып, болмайтын гол жіберіп қалдық. Қуаншымызға орай, бірден тарасы базын теңестірдік. Артынша, өз ойынымызды тауып, қарсылас команданың қақпасына бірнеше гол соқтық.  

 - Сіз Словакия құрамасының кеңейтілген тізімінде болдыңыз. Бірақ ЕУРО-ға аттанатын ойыншылар тізіміне іліне алмадыңыз... 

- Еш ренішім жоқ. Бұл футбол өмірі. Бас бапкердің шешімін құрметтеймін. Нәтижеге жауап беретін бас жаттықтырушы. Кім мықты, соны таңдады. Словакия құрамасында бәсекелестік жоғары. Енді өз отандастарыма ЕУРО-да жанкүйер боламын. Бірден Алматыға келіп, «Қайраттың» кездесуіне қатысқаныма қуаныштымын. Енді бар ойым қазір «Қайратта».  

 - Словакия құрамасының қорытынды тізімін жариялаған сәтте сізге не деп айтты?

- Менің ЕУРО-ға бармайтынымды айтты. Бас бапкер басқа ойыншыларға үміт артады деді. Әрине, кішкене реніш болды. Бірақ біреуге ренжитіндей жасым 20-да емес. Ұлттық құрамаға іліну үшін көп еңбек ету керек екенін түсіндім.  

- Словакияның Еуропа чемпионатындағы мүмкіндіктерін қалай бағалайсыз? 

- Менің ойымша, бұл Еуропа чемпионаты өте қызық болмақ. Себебі, қазір ЕУРО-да барлық командалардың деңгейі бірдей. Тіпті турнир алдында аутсайдер саналатын команда фаворитті ұтуы мүмкін. Мәселен, жолдастық кездесуде біз Германияны 3:1 есебімен жеңген болатынбыз. Әр ұлттық құрама үшін Францияда ойнау ауыр болады.   

 - Еуропа чемпионатының фавориті кім деп ойлайсыз?

- Испания, Франция, Германия мен Бельгия. Нақты қай команда фаворит екенін айту қиын. 2004-ші жылы Грекия немесе 1992-ші жылы Дания сияқты әр команда Францияда таң қалдыруы мүмкін. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;