русский язык
Футбол

«Ертіс» пен «Тобылдың» бұрынғы ойыншысы Дидарклыч Уразов қайтыс болды

«Ертіс» пен «Тобылдың» бұрынғы ойыншысы Дидарклыч Уразов қайтыс болды

Футболдан Түрікменстан құрамасы мен «Ертістің» бұрынғы футболшысы Дидарклыч Уразов 40-жасында өмірден озды. 

Дидарклыч Уразов - Түрікменстандағы ең танымал футболшыларының бірі. Ашхабадтық «Ниса» футбол мектебінің түлегі. Жергілікті ұжыммен бірнеше рет ел чемпионатын жеңіп, біріншіліктің үздік бомбардирі атанған. 2002-ші жылы Уразов «Ертіс» клубына ауысып, керекулік клубпен Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, Дидар «Тобыл» мен «Металлист» сабында өнер көрсеткен. 

Дидар Уразовтың жетістіктері: 

— Алты дүркін Түрікменстан чемпионы: 1996, 1999, 2001, 2003, 2010, 2011
— Түрікменстан кубогының иегері: 1998
— Түрікменстан чемпионатының үздік бомбардирі: 1999, 2001
— Қазақстан чемпионы: 2002
— Қазақстан кубогының иегері: 2007
— Интертото кубогының жеңімпазы: 2007

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;