Америка кубогы - 2016. Хамес Родригес Колумбия құрамасына жеңіс сыйлады
![Америка кубогы - 2016. Хамес Родригес Колумбия құрамасына жеңіс сыйлады](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1465366661_118282870.jpg?v=28699224)
Футболдан Америка кубогы аясында «А» тобының екінші турында Колумбия құрамасы Парагвайды 2:1 есебімен ұтты.
Карлос Бакка матчтың 12-ші минутында таблода есеп ашты. Артынша, Колумбия құрамасының капитаны Хамес Родригес екінші голдың авторы атанды. Матч соңына дейін Паргавай бір гол ғана қайтара алды. 71-ші минутта Виктор Айяла көзге түсті. Осылайша, Колумбия құрамасы топтық кезеңдегі екінші жеңісіне қол жеткізіп, мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Америка кубогы - 2016. А тобы. 2-ші тур
Колумбия – Парагвай – 2:1
Голдар: Бакка, 12, Родригес, 30, Айяла, 71.