русский язык
Футбол

Златан Ибрагимович: «Алтын допты» ешқашан жеңбегеніме өкінбеймін»

Златан Ибрагимович: «Алтын допты» ешқашан жеңбегеніме өкінбеймін»

«ПСЖ-ның» бұрынғы шабуылшысы Златан Ибрагимович «Алтын допты» ешқашан ұтып көрмегеніне өкінбейді. 34 жастағы шведтің айтуынша, мұндай жүлделер футболшылардың мықты болуына көмектеспейді. 

«Алтын допты» ешқашан жеңбегеніме өкінбеймін. Адамдар «Алтын доп» пен Чемпиондар лигасы туралы көп айтып жатады.

Бірақ жеңістер сізді футболшы ретінде өзгертпейді. Сіз сол ойыншы ретінде қаласыз. Сізді ол жақсы немесе жаман ойыншы қылмайды. Менің философиям осындай. 

Егер мен Чемпиондар лигасын жеңіп алсам, мен одан мықты болып кетпес едім. «Алтын доппен» жағдай да осылай. Бұл бөлменің көркі ғана, одан артық емес. Оның үстіне, мықты ойыншылардың бәрі оны жеңе бермейді. Өмір жалғаса береді», - деді Ибрагимович. 

 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;