русский язык
Футбол

Талғат Байсуфинов: Біздің жігіттердің ойында кек алу болған жоқ.

Талғат Байсуфинов: Біздің жігіттердің ойында кек алу болған жоқ.

Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов Қытай командасына қарсы матч жайлы өз пікірін блдірді.

«Осы ойынды ұйымдастырған Қытай еліне алғысымызды білдіреміз. Командалар жақсы ойын көрсетті. Бізді қолдаған жанкүйерлерге алғысымызды білдіреміз. Ал жарақат алған ойыншыға келетін болсақ, ойын барысында қақтығыс болды. Ойыншымыздың аяғы сынды. Мұндай қақтығыстар әр ойында болып тұрады. Себебі бұл – футбол. Алаңда нағыз еркектер ойнайды. Тайм аралық үзіліс кезінде жігіттерден қызуқандылыққа бармауын сұрадық. Жарақат алған ойыншымыз үшін кек алу біздің жігіттердің ойында болмады», - деп айтып өтті Талғат Байсуфинов.

«Біз қарсылас команданы үлкен жылдамдықпен ойнап, біздің жарты алаңнан бастап қысым жасайтынын күткенбіз. Сол үшін де осы жағдайдан шығу керек болды. Біз жігіттерге допты қарсылас команданың жарты алаңында ұстауға нұсқау бердік. Бірақ Қытай құрамасының жігіттері жылдам ойын көрсетпеді. Біз өз жоспарымызды ауыстыруымызға тура келді. Орталық қорғаушылардың қателігін өз пайдамызға шешіп, гол соқтық. Әлі де кеткен қателермен жұмыс жасауымыз керек. Болашақта ойланатын дүние көп», - деп аяқтады Талғат Байсуфинов.

 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;