русский язык
Футбол

Стойчо Младенов - «Атыраудың» жаңа бас бапкері

Стойчо Младенов - «Атыраудың» жаңа бас бапкері

59-жастағы болгариялық маман Стойчо Младенов «Атыраудың» жаңа бас бапкері қызметіне тағайындалды. 

Бұл туралы батысқазақстандық ұжымның ресми сайтынан белгілі болды.

Стойчо Младенов бапкерлік мансабын 1991-ші жылы португалиялық «Эшторил» клубында бастаған. Артынша, «Олянензе» (Португалия), ЦСКА (Болгария), «Белененсеш» (Португалия), «Литекс» (Болгария), «Калитея» (Грекия), «Аль-Ахли» (Сауд Арабия), «Ал Етифак» (Сауд Арабия), ЕНППИ (Мысыр) клубтарын баптаған. Младеновтың соңғы жұмыс орны мысырлық «Ал Итихад» командасы болатын.   

59-жастағы Стойчо софиялық ЦСКА-мен бірге екі рет Болгария чемпионатын жеңген болатын. 

«Атырауда» Младеновпен бірге оның 46-жастағы көмекшісі Анатоли Нанков қызмет етеді.    

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;