Жулпа мен Фрейдгеймас Польшаға қарсы ойнады
![Жулпа мен Фрейдгеймас Польшаға қарсы ойнады](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1465274303_697417500.jpg?v=28702237)
Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін Литва құрамасының ойыншылары Артурас Жулпа мен Георгас Фрейдгеймас Польшаға қарсы жолдастық кездесуге қатысты.
Аталмыш кездесу Польшаның Краков қаласында өтті. Ойын 0:0 есебімен тең аяқталды. «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Артурас Жулпа пен «Ертістің» қорғаушысы Георгас Фрейдгеймас жасыл алаңда толық 90 минут өткізді.