русский язык
Футбол

Елдос Ахметов: «Біздің бапкерлер Қытайдың осал тұстарын көрсетті»

Елдос Ахметов: «Біздің бапкерлер Қытайдың осал тұстарын көрсетті»

Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Елдос Ахметов ертеңгі Қытаймен өтетін жолдастық кездесу жайлы айтып берді.

- Барша мұсылмандарды қасиетті Рамазан айымен құттықтаймын. Қытай Азияда ойнаған соң олар жайлы аз білеміз. Біздің бапкерлер қарсылас команданың осал тұстарын көрсетті. Сол үшін оларға көп рахмет. Ертең жеңіске жету үшін бар күшімізді саламыз.  

- Ертеңгі кездесуге көптеген қазақстандық жанкүйерлер келеді деп күтілуде. Олардың қолдауы қаншалықты маңызды?

- Біздің жанкүйерлерімізге алғыс айтқым келеді. Бірінші күннен бастап олар бізге қолдау көрсетуде.

Естеріңізге сала кетсек, Қытай-Қазақстан жолдастық матчы маусымның 7-і, Далянь қаласында өтеді. Кездесуді «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ойынның басталу уақыты – 17:30.  

vesti.kz сайтынан* 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;