русский язык
Футбол

Талғат Байсұфинов: «Ертең жанкүйерлер өте қызық кездесудің куәгері болады»

Талғат Байсұфинов: «Ертең жанкүйерлер өте қызық кездесудің куәгері болады»

Футболдан Қазақстан құрамасының уақытша бас бапкері Талғат Байсұфинов Қытаймен өтетін жолдастық матч жайлы өз ойын айтты.

- Мұнда келгенімізге қуаныштымыз. Ертең жанкүйерлер өте қызық кездесудің куәгері болады деген ойдамын.

- Негізгі құраммен анықталдыңыз ба? 

- Қарсылас команда жайлы ақпараттар қолымызда. Бүгін түнде негізгі құрамда кімдер шығатынын шешеміз.

- Ұлттық құрама үнемі Астанадағы жасаңды алаңда ойнайды, ал бұл жолы табиғи шөпте...

- Біз қосалқы алаңда жаттығу өткіздік. Ертең алаңға шыға алатын 23 футболшы бар. Бұл жолдастық кездесудің ұйымдастырылғанына қуаныштымын. Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі қарсаңында мұндай ойындар қажет. Ертеңгі матчта жеңіске жету біз үшін маңызды.

- Қазақстан құрамасында «Астананың» ойыншылары көп. Олардың бәрі ертең алаңға шығады ма?

- Иә, бізде елордалық клубтың ойыншылары көп. Алты рет футболшыны алмастыру құқығымыз бар, біз мұны пайдаланамыз. Бірақ елордалық клубтың бес ойыншысы да алаңға шығады деп айта алмаймын. 

vesti.kz сайтынан* 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;