русский язык
Футбол

Хорваттар Сан-Марино қақпасына жауапсыз он гол соқты

Хорваттар Сан-Марино қақпасына жауапсыз он гол соқты

Футболдан Хорватия құрамасы өз тарихындағы ең ірі жеңіске қол жеткізді.

Еуропа чемпионатына дайындық барысында хорват футболшылары Сан-Марино құрамасымен жолдастық кездесу өткізген. Матч 10:0 есебімен хорватиялықтардың пайдасына шешілді. Риекада өткен ойында Марио Манджукич пен Никола Калинич хет-триктен жасап шықты. Марко Пьяца, Дарио Срна, Иван Перишич пен Иван Ракитич бір-бірден қанжығасын майлады.

Естеріңізге сала кетсек, Еуропа чемпионаты 10 маусым мен 10 шілде арасында Францияда өтеді. Турнирдегі барлық матчты «Қазақстан» мен «KazSport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ойындардың толық кестесін осы жерден қарауға болады. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;