Ярослав Багинский: «Ертіс» сынды мықты командадан ұпай алғанымызға қуаныштымыз»
![Ярослав Багинский: «Ертіс» сынды мықты командадан ұпай алғанымызға қуаныштымыз»](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1464950735_64131722.jpg?v=28705816)
Қарағандылық «Шахтердің» қақпашысы Ярослав Багинский «Ертіспен» өткен (0:0) кездесудің нәтижесі әділетті екенін айтты.
- Бапкерлеріміз айтқандай, «Ертістің» айып соққылары қауіпті болды. Кездесу өте тартысты өрбіді. «Ертіс» сынды мықты командадан ұпай алғанымызға қуаныштымыз. Кездесудің нәтижесі әділетті деп ойлаймын, - деді Багинский.
«Шахтер» ФК баспасөз қызметінен*