русский язык
Футбол

Кахабер Цхададзе: «Әдемі ойын көрсетіп, әділетті жеңіске қол жеткіздік»

Кахабер Цхададзе: «Әдемі ойын көрсетіп, әділетті жеңіске қол жеткіздік»

«Қайраттың» бас бапкері Кахабер Цхададзе «Атыраумен» өткен кездесу жайлы өз пікірін айтты.

«Әдемі ойын көрсеткен футболшыларыма алғыс айтамын. Әділетті жеңіске қол жеткіздік. Тек матчтың басында гол жібергені ғана ұнамады. Сондай-ақ, ойын соңында екінші голды жіберіп алдық. Осылайша, өз алаңымызда төртінші голды жібердік. Бұл көп деп ойлаймын. Ойын кестесі тығыз болғанына қарамастан жігіттерім максималды нәтиже шығарды. Енді кішкене демалып, келесі ойынға дайындығымызды бастаймыз. 

Өкінішке қарай, жарақат алған ойыншылар бар. Жарконы алмастыруға тура келді. Енді дәрігерлік тексерістің нәтижесін күтеміз. Маркович біз үшін өте маңызды ойыншы», - деді Цхададзе алматылық клубтың ресми сайтына. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;