русский язык
Футбол

Юрий Коньков: «Ойын жанкүйерлерге ұнады деп ойлаймын»

Юрий Коньков: «Ойын жанкүйерлерге ұнады деп ойлаймын»

«Атыраудың» уақытша бас бапкері Юрий Коньков алматылық «Қайратпен» өткен кездесу жайлы айтып берді. 

- Ойын жанкүйерлерге ұнады деп ойлаймын. Кездесу өте қызық болды, бұған қоса қос команда жеті гол соқты. «Қайраттың» шабуылы мықты, сонымен қатар жанкүйерлері қызу қолдау көрсетті. Есепті ашқанымен, бірден гол жіберіп алдық. Артынша, тағы төрт доп қақпамызға енді. 

- Маусым басында капитан міндетін Нарзықұлов атқарған, қазір Эссаме. Неліктен? 

- Бұл команданың шешімі. Нарзықұлов маусым алдында капитан болған, бірақ ол өзі кейін капитандыққа Эссамені ұсынды. 

 

«Қайрат» ФК баспасөз-қызметінен* 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;