русский язык
Футбол

Андрей Аршавин: «Гоу менің орнымда болса, пас бермей, өзі соққы жасар еді»

Андрей Аршавин: «Гоу менің орнымда болса, пас бермей, өзі соққы жасар еді»

«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин «Атырауға» қарсы ойын туралы өз пікірімен бөлісті.

«Менің ойыным жүрмеді деп есептеймін. Бірінші таймда маған келген доптың бәрін жоғалтып алдым. Бұрыштан көтерілген допты сәтті түйіндегенім болмаса. Командаға келгеніме ұзақ болды, үш ай бұрынғыға қарағанда әріптестерімді жақсы түсінемін», - деді Аршавин.

Сондай-ақ, Аршавин Жерар Гоуға берген нәтижелі пасы туралы да айтып өтті.

«Жерар жақсы позицияда болды деп ойлаймын, оның үстіне, ол – шабуылшы. Егер ол менің орнымда болса, пас бермей, өзі соққы жасар еді», - деді алматылық хавбек.

Естеріңізге сала кетсек, Андрей Аршавин кеше «Атырауға» (5:2) қарсы ойында бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. «Қайрат» сабында ресейлік жартылай қорғаушы 4 гол мен 3 нәтижелі пастың авторы атанды. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;