русский язык
Футбол

Андрей Аршавин: «35 жасымда ойнап жүргенім – ерлік»

Андрей Аршавин: «35 жасымда ойнап жүргенім – ерлік»

Алматылық «Қайраттың» ресейлік ойыншысы Андрей Аршавин «PROСПОРТ» тілшісіне «Ақжайыққа» қарсы кездесу жайында, туған күнінің қалай өткенін, Кахабер Цхададзенің футболшыларды жігерлендіру үшін айтқан сөздері туралы әңгімелеп берді.

- «Ақжайыққа» қарсы толық ойын өткізгеннен кейін өзіңізді қалай сезінудесз?

- Жақсымын. Өте ауыр ойын болды.

- Анаңыз туған күніңізге торт жіберіпті. Сәлемдеме уақытында келді ме?

- Иә, матчқа бір күн қалғанда келді, бірден жеп бітірдім.

- Анаңыздың торты «Ақжайыққа» қарсы кездесуде өз әсірен тигізді ме?

- Тек жаман жағынан (күледі).

- Анаңыз Алматыға келіп, баласымен қауышып, сіздің ойыныңызды стадионнан көруге қашан келмек?

- Келуі керек, бірақ қазір емес. Кейін келе жатар.

Әріптестеріңіз туған күніңізбен қалай құттықтады?

- Жеңіске жетіп, құттықтаймыз деп уәде берген. Сөздерінде тұрды.

Соңғы ойында сіздің дәл пастарыңызды Жерар Гоу пайдала алмады. Бұл жайында не ойлайсыз?

- Кейде ол мүмкіндігін мүлт жіберіп алады, енді бірде мен дәл пас бере алмай қалатын жағдай болады.

«Ақжайыққа» қарсы кездесудің бірінші таймы аяқталғанда Кахабер Цхададзе ойыншыларға бірнәрсе айтты ма?

- Біздің жақсы ойыншы екенімізге күмән келтірмейтінін айтты. Нағыз жігіттікті дәлелдеуді сұрады! Үзіліс бізге ойынның бағытын өзімізге қарай аударуға деген берілген мүмкіндік екенін жеткізді. Соның арқасында ойын соңында жеңісті жұлып алдық.

Көптеген футболшылар 38-40 жасқа дейін өнер көрсетеді. Сіз 35-ке толдыңыз

- 35 жасымда ойнап жүргенім – ерлік. Ары қарай не боларын көре жатармыз.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;