русский язык
Футбол

Қанат Мұсатаев: «Оңтүстік» академиясының есігі әрдайым ашық»

Қанат Мұсатаев: «Оңтүстік» академиясының есігі әрдайым ашық»
Бүгін Қазақстан футбол федерациясы құрған «Оңтүстік» футбол академиясының базасында академияның испаниялық жаттықтырушылары мен Оңтүстік Қазақстан облысының басқа да мектептерінің мамандарының қатысуымен семинар өтті. Семинарға барлығы 40-тан астам адам қатысты. Шетелдік мамандар академиядағы жұмыстары жөнінде әңгімелеп берді. Техникалық-такикалық жұмыстарын талқылап, әріптестерін осындай кездесуді жиі өткізуге шақырды. Алдағы уақытта тек қана теорияны талқылап қоймай, тәжірибе сабақтарының көмегімен біліктілігін көтеруді ұсынды.
 
- Біз семинарға облысымызда жұмыс істейтін жаттықтырушыларды шақырдық, - дейді академияның жетекшісі Қанат Мұсатаев. - Мұндай шаралардың мақсаты - тәжірибе бөлісу, әңгімелесу, тактикалық және тәжірибелік сабақтар жүргізу. Айта кету керек, испаниялық бапкерлердің де үйренері көп. Олар үшін біздің менталитетті терең білу маңызды. Біздің балалар үшін шетелдік маман емес, өзіміздің бапкер сияқты болуы қажет. Бұл балалардың өздерін еркін сезінуге, назарын тек футболға аударуға көмегін тигізеді. Команданың ішкі ахуалының жақсы болуы жас кезден бастап маңызды. 
 
- Семинарға шақырылған жаттықтырушылардан қандай ұсынысьар алдыңыз?
 
- Семинардан тек жақсы әсер алдық. Өкінішке қарай, барлық бапкерлерді жинай алмадық. Алайда, осыған ұқсас тәжірибелерді жалғастырамыз. Мұндай жаттықтырушылар кеңесі көптеген пайда әкеледі. Академияның мақсаты - жас ойыншыларды тәрбиелеп қоймай, тәжірибемен бөлісу және балалар жұмыс істеудің үздік әдістерін іздеу.  «Оңтүстік» академиясының есігі ойыншылар мен жаттықтырушылар үшін әрдайым ашық. Балалармен бірге жаттығуға ата-аналардың бірге келетіні қуанышты. Бұл адал жанкүйерлердің қалыптасуына мүмкіндік береді. Біз футболмен айналысып, оны дамытуды қалайтындардың барлығын қарсы алуға дайынбыз.
 
- Академия жұмысының нәтижелері туралы сұрау әлі ерте ме? Әлде мақтануға тұрарлық нәтижелер бар ма?
 
- Қазіргі таңда ең басты нәтиже - жоғары білікті бапкерлер мен ең қолайлы жағдайда жаттығу жүргізуге деген балалардың ынтасының зор болуы. Қазақстан футбол федерациясы біздің академиянының жұмысын ұйымдастырып, үлкен істі бастады. «Оңтүстік» академиясының халықаралық деңгейі келешекке қойылған жұмыс. Біздің футболшылардың басым бөлігі кәсіби футболшы болып шығатынына сенімдімін. Ал, бұл дегеніңіз олардың кейбіреуі біздің елдің әртүрлі құрамасында ойнайды дегенді білдіреді. Елімізде осындай академиялардың саны ұлғайған сайын футболмен шұғылданатын балалардың саны да арта түспек. Академияны құру идеясы керемет. Ал, ҚФФ жетекшілігі идеяны жүзеге асырып, академияны қаржыландыруды қолға алды.
 
- Академияда қанша бала жаттығады? Олардың жас ерекшелігі қандай?
 
- Қазір академияда 65 бала жаттығады. Үш топ бар. Олар 2001, 2002 және 2003 жылы туғандар. Тамыз айынан бастап 2004 жылы туған балалар қабылданады. Жас балалардың академияға келгені мен олардың өсіп келе  жатқаны қуантады. Осы сәтті пайдалан отырып, Қазақстандағы барлық балаларды төл мерекелерімен құттықтағым келеді. Оларға денсаулы, сәттілік және биік мақсаттарға қол жеткізуге тілекшімін! Біздің балаларымыз бақытты болсын!
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;