Марко Ройс Еуропа чемпионатына қатыспайды
![Марко Ройс Еуропа чемпионатына қатыспайды](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1464693419_487707796.jpg?v=28710018)
Футболдан Германия құрамасының бас бапкері Йоахим Лев ЕУРО-ға аттанатын 23 ойыншының тізімін жариялады.
Қақпашылар: Мануэль Нойер, Бернд Лено, Марк-Андре тер Стеген.
Қорғаушылар: Джером Боатенг, Эмре Джан, Йонас Хектор, Бенедикт Хеведес, Матс Хуммельс, Шкодран Мустафи, Антонио Рюдигер.
Жартылай қорғаушылар: Юлиан Дракслер, Сами Хедира, Джошуа Киммих, Тони Кроос, Месут Озил, Лерой Сане, Андре Шюррле, Бастиан Швайнштайгер, Юлиан Вайгль.
Шабуылшылар: Марио Гомес, Томас Мюллер, Лукас Подольски, Марио Гетце.
Ройс Францияда өтетін Еуропа біріншілігіне жарақатына байланысты қатыспайтын болды.