русский язык
Футбол

Тесак ЕУРО-дан тыс қалды. Словакия құрамасының тізімі белгілі

Тесак ЕУРО-дан тыс қалды. Словакия құрамасының тізімі белгілі

«Қайраттың» қорғаушысы Лукаш Тесак Францияда өтетін Еуропа чемпионатына қатыспайды.  

Лукаш Тесак мамырдың 27-і, Словакияның Грузиямен (3:1) өткен ойынында негізгі құрамда алаңға шығып, бір нәтижелі паспен көзге түскен болатын. Ал кешегі Германияға қарсы ойында Тесак алаңға шықпады.  

Ал бүгін белгілі болғандай, Словакияның бас бапкері Ян Козак алматылық клубтың қорғаушысы Лукаш Тесакты ЕУРО-ға аттанатын ойыншылар тізіміне қоспады. 

Словакия құрамасы:

Қақпашылар: Матуш Козачик («Виктория Пльзень»), Ян Муха («Слован»), Ян Новота («Рапид»);

Қорғаушылар: Ян Дюрица («Локомотив»), Норберт Дьомбер («Рома»), Томаш Губочан («Динамо», Мәскеу), Петер Пекарик («Герта»), Корнел Салата («Слован»), Мартин Шкртел («Ливерпуль»), Милан Шкриньяр («Сампдория»), Душан Швенто («Кельн»);

Жартылай қорғаушылар: Ондрей Дуда («Легия»), Ян Грегуш («Яблонец»), Марек Гамшик («Наполи»), Патрик Грошовски («Виктория Пльзень»), Юрай Куцка («Милан»), Роберт Мак (ПАОК), Виктор Печовски («Жилина»), Мирослав Стох («Бурсаспор»), Владимир Вайсс («Аль-Гарафа»);

Шабуылшылар: Михал Дюриш («Виктория Пльзень»), Адам Немец («Виллем II»), Станислав Шестак («Ференцварош»).

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;