русский язык
Футбол

Душан Савич: «Алдағы «Ақтөбеге» қарсы ойын біз үшін өте маңызды болмақ»

Душан Савич: «Алдағы «Ақтөбеге» қарсы ойын біз үшін өте маңызды болмақ»

«Жетісудың» жетекші ойыншысы Душан Савич Prosportkz.kz тілшісіне «Ордабасымен» өткен ойын жайлы және талдықорғандық клубтың үздік алтылыққа іліну мүмкіндігі туралы айтып берді.  

- Шымкентте ойнау әрдайым ауыр. Кездесу өте тартысты өрбіді, командаластарыма ризамын, бар күштерін салып, жеңісті нәтижені сақтай алды.  

- «Қайраттан» жеңілгеннен кейін «Ордабасыны» жеңу сіздер үшін маңызды болды ма?

- «Қайратпен» өткен ойында бірқатар негізгі құрамның ойыншылары қатыспады. Біз чемпионаттағы кездесуге дайындалдық. Енді үздік алтылыққа ілінуге тырысамыз. «Қайрат» өте мықты қарсылас, бірінші таймда оларға қарсы жас ойыншылар ойнады. Екінші таймда алаңға шыққанымызда, 0:2 есебімен ұтылып жаттық. 

- Осыдан бірнеше апта бұрын үздік алтылыққа іліну қиын болатынын айтқансыз. Қазір жағдай өзгерді ме?

- Иә, чемпионаттағы соңғы үш кездесуде жеңіске жеттік. Енді алдағы «Ақтөбемен» ойын біз үшін өте маңызды болмақ. 

- Сұрмергендер қатарындасыз. Өз алдына үздік бомбардир атану мақсатын қойдыңыз ба? 

- Әрине, әр матчта гол соққым келеді. Бірақ ең бастысы - командамның жеңісі. Серік Сағындықовтың әдемі пасынан «Ордабасыға» гол соқтым.

- Жақында трансферлік маусым ашылады. Басқа командалардан ұсыныстар түсіп жатқан жоқ па? 

- Үнемі біреулер хабарласуда. Бірақ қазір бар ойым «Жетісуда». Өз командама көмектескім келеді.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;