русский язык
Футбол

Геограс Фрейдгеймас: «Бұл ойын жанкүйерлерге ұнады деп ойлаймын»

Геограс Фрейдгеймас: «Бұл ойын жанкүйерлерге ұнады деп ойлаймын»

«Ертістің» литвалық қорғаушысы Геограс Фрейдгеймас ProsportKz.kz тілшісіне «Атыраумен» өткен ойын жайлы айтып берді.

- Георгас, екі таймда әртүрлі ойын болды. Не себепті?

- Бірінші таймда, біз және «Атырау» командасы өте мұқият ойнадық. Ал екінші кезеңнің басында біз гол соққаннан кейін, «Атырау» бізді қыспаққа алды. Біз болсақ қарымта шабуылда мүмкіндік іздедік.  

- «Ертістің» бір голдан да көп соғатын мүмкіндіктері болды...

- Иә, екінші голды соғатын жақсы мүмкіндігіміз болды, бірақ мұны пайдалана алмадық. Ойын соңына дейін кездесу тартысты өрбіді. Бұл ойын жанкүйерлерге ұнады деп ойлаймын.  

- Керекулік клуб биылғы маусымда ең аз гол жіберуде. Қорғаушылар бір-бірін жақсы түсінуде ме?   

- Иә, қазір бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Күн сайынғы жаттығу өз жемісін беруде. Бірақ әлі де ойынымызды түзетуіміз қажет. Маусым соңына дейін аз гол жіберуге тырысамыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;