русский язык
Футбол

Юрий Уткульбаев: «Қарсыласымыз жоғары деңгейдегі команда»

Юрий Уткульбаев: «Қарсыласымыз жоғары деңгейдегі команда»
Батысқазақстандық «Ақтөбе» клубының бас бапкері Юрий Уткульбаев ел біріншілігінің 13-туры аясында «Астанамен» өткен ойын турасында пікір білдірді.
 
- Футболшыларымызды сүреңсіз ойын үшін жазғыра көрмеңіздер, түсіністік танытсаңыздар екен деп айтқым келеді. Матч тактикасын мен таңдаймын, әр жағдайда қалай ойнау керектігін мен айтамын. Жалпы алғанда, бүгінге берілген тапсырманы жігіттер жете орындай білді деп айта аламын. Қорғаныста бекем ойнау керектігін баса айтқанмын. Біз қарсыласқа қарай отыра, ойын схемасын өзгертіп отырдық. Қорғаныста тиянақты ойнай білдік деп ойлаймын. Кейбір қателіктер де болды, бірақ қателіксіз де болмайды. Біз өзімізге тиімді нәтижеге сәл ғана жете алмадық. Бірақ, бүгін біз былтырғы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнаған командаға қарсы тұрғанымызды естен шығармауымыз керек. Қарсылас былтырғы тәжірибелерінен соң, және күшейе түсті деп есептеймін. Біз қанағат тұтатын есепті біз осымен екінші рет ұстап тұра алмадық. Бір қынжылтатыны, алғы шепте жөнді ойнай алмадық, бірақ біз қолымыздан келгенінің бәрін жасадық. Бізге әлі біраз жұмыс жасау керек. 
 
- Абат Айымбетов пен Самат Отарбаевтың денсаулықтары қалай? 
 
- Абат иығын шығарып алды. Біз оған осыған дейін иығың тағы да шығып кетіп, команданы қиын жағдайға қалдырып жүрерсің деп бірнеше рет айтқанбыз. Біз оған ота жасату керектігін айтқанбыз. Ол негізгі құрамға енбей жүргенде оның ота жасатып алатын уақыты болды. Енді негізгі құрамға еніп келе жатқанда, біз өте маңызды ойында екі рет ойыншы ауыстыруға мәжбүр болдық, ойынды қайта қарастыру керек болды, екінші таймда ойыншы шығарып ойынды күшейтудің орнына біз осындай шаруалармен айналысып кеттік. Енді Абат бұл жарақаты тағы да қайталанбауы үшін, дұрыстап емделуі қажет. Ал Самат Отарбаев бірінші таймды ойын барысында жарақаттанып қалған еді, ол кеңсірігін ауыртып алды. Одан соң сол жарақат алған жерімен қақпа бағанына барып соқты, қазір мұз таңып жатыр. Самат тез қалпына келер деп ойлаймын.
 
«Ақтөбе» ФК баспасөз-қызметі
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;