русский язык
Футбол

Кахабер Цхедадзе: «Бүгін нағыз триллер болды»

Кахабер Цхедадзе: «Бүгін нағыз триллер болды»

«Қайрат» ФК бас бапкері Кахабер Цхедадзе «Ақжайыққа» қарсы ойынның нәтижесі туралы пікірімен бөлісті.

– Бүгін нағыз триллер болды. Бұл жеңіс мен үшін басқаларына қарағанда маңыздырақ. Команда ойын бойы жақсы футбол көрсетті, көбірек гол соғуы керек еді. Ең маңыздысы, үзілісте мінезімізді көрсетіп, нағыз еркек екенімізді дәлелдеуіміз керектігін айтқанмын. Футболшыларға өздерін еркек ретінде көрсете білгені үшін рахмет. Ойын әділетті аяқталды, бүгін «Қайрат» «Ақжайықтан» мықтырақ болды. Эмоцияға толы, бүгін Шаваның туған күні болатын, команда оған сыйлық жасады. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;