Олег Лотов: «Бұл жеңіліс алғашқы алтылықтан алыстатты»
![Олег Лотов: «Бұл жеңіліс алғашқы алтылықтан алыстатты»](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1464541060_337896929.jpg?v=28712061)
Қостанайлық «Тобыл» клубының бас бапкері міндетін атқарушы Олег Лотов ел біріншілігінің 13-туры аясында «Шахтермен» өткен ойын турасында пікір білдірді.
- Алдымен, қарсыласымыз «Шахтерді» жеңістерімен құттықтағым келеді. Біз бұл жеңілісіміз арқылы жағдайды қиындатып алдық. Ойынға келетін болсақ, Қостанайға барған соң саралап, кемшін тұстарымызды бақылайтын боламыз.
- Жазғы ауыс-түйіс кезінде "Тобыл" командасына жаңа ойыншылар келе ме?
- Бұған басшылық жауап берсін
«Тобыл» ФК баспасөз қызметі