русский язык
Футбол

Йозеф Вукушич: «Тобыл» ойын өрнегін көрсетті»

Йозеф Вукушич: «Тобыл» ойын өрнегін көрсетті»
Қарағандылық «Шахтер» клубының бас бапкері Йозеф Вукушич ел біріншілігінің 13-туры аясында «Тобылмен» өткен ойын турасында пікір білдірді.
 
- Екі жақ та жақсы ойын өрнегін көрсетті. «Тобыл» мықты ойыншылардан жасақталған. Біз алаңның орта тұсындағы ойынға аса мән бердік. Сондай-ақ, қарымта шабуылға жиі шығуды көздедік. Бізде жылдам ойыншылар бар. Олардың көмегімен бірінші таймда есеп аштық. Ең бастысы, жеңіске жеттік.
 
- Жақында трансферлік кезең басталады. Шабуыл шебін күшейту жоспарда бар ма?
 
- Қазір біз бір легионердің көмегіне жүгіне аламыз. Құрамның әр шебін күшейтуге болар еді. Дегенмен, алдағы уақытта көрерміз.
 
- Никола Васильевич пен босниялық шабуылшы Марко Обрадович "Шахтер" назарына ілігіпті. Бқл қаншалықты рас?
 
- Растай алмаймын. Тек Василевичке қызыққанымыз рас. Бұл футболшы біздің команданы күшейте алады. 
 
- Бүгінгі Деслей Уббинктің ойынына қандай баға бересіз?
 
- Деслей жылдам футболшы. Оның көмегімен біздің команда қауіпті шабуылдар ұйымдастыра білді. Ол бізге аса қажет футболшы. 
 
«Тобыл» ФК баспасөз қызметі
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;