русский язык
Футбол

«Астана» Ақтөбеде жеңіске жетті

«Астана» Ақтөбеде жеңіске жетті

Премьер-Лиганың 13-ші турында батысқазақстандық «Ақтөбе» өз алаңында елордалық «Астананы» қабылдап, 1:0 есебімен жеңіліп қалды. 

Ойынның негізгі уақыты аяқталуға 5 минут қалғанда Серікжан Мұжықов алаң иелерінің қақпасына қарай өткір шабуылды бастады. Оған қапталда көмекке келген Евгений Постников қақпа маңына әуелетіп пас асырды. Допқа бірінші болып жеткен Максимович басымен гол соғып, командасына жеңісті сыйлады.

«Ақтөбе» 0:1 (0:0) «Астана»

«Ақтөбе»: Отарбаев, Куаджа, Сорокин, Цвейба, Ситдиков, Бочаров, Азовский, Крюков, Смаков, Шестаков, Айымбетов

«Астана»: Эрич, Постников, Аничич, Каньяс, Деспотович, Максимович, Аруна, Шомко, Мужиков, Нөсербаев, Логвиненко

Гол: Максимович 84

«Орталық» стадионы, Ақтөбе

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;