русский язык
Футбол

Алматыдағы триллер. «Қайрат» «Ақжайықты» әрең жеңді

Алматыдағы триллер. «Қайрат» «Ақжайықты» әрең жеңді

Алматының Орталық стадионында «Қайрат» Оралдың «Ақжайығынан» ұтылып жатып, жеңісті соңғы минуттарда жұлып алды.

Ойын бастала салысымен жасалған қонақтардың алғашқы шабуылы нәтижелі аяқталды. 3 минутта Сидельниковтың қателігінен кейін, Руслан Валиуллин есепті ашты. Арада он минут өтісімен алматылықтар таразы басын теңестірді. Гоудан пас алған Аршавин қақпаға қарай ұмтыла түскен, алайда қақпашы Багаутдинов ресейлік футболшының жолын бөгеді. Ереженің бұзхылғанын көрген бас төреші Фуркат Атажанов «Ақжайық» қақпасына 11 метрлік айып добын белгіледі. Нүктеге жақындаған Бауыржан Исламхан мүлт кетпеді. 31-ші минутта Андрей Сидельниковтің кезекті қателігін Олег Хромцов сәтті пайдаланып, командасын есепте алға шығарған. Екінші тайм толықтай алаң иелерінің басымдығымен өтті. Аладай қонақтардың қорғанысы мығым болды. Тек ойынның негізгі уақыты аяқталуға бір минут қалғанда Жерар Гоу көзге түсті. Ал қосымша уақытта Андрей Аршавиннен пас алған Тавамба допты өкшесімен қақпаға дөп түсірді.

«Қайрат» - «Ақжайық» - 3:2 (1:2)

Голдар: Исламхан 15 пенальти, Гоу 89, Тавамба 91 – Валиуллин 3, Хромцов 31

«Қайрат»: Сидельников (Плотников 40), Қуантаев, Рудосельский, Маркович, Лунин, Аршавин, Бакаев, Исламхан, Қуат (Тавамба 71), Исаэл, Гоу

«Ақжайық»: Багаутдинов, Колуния, Коронел Ортиз, Николич, Хромцов (Мальцев 70), Антипов (Сергиенко 49), Валиуллин (Бегалин 66), Омаров, Сапанов, Шевцов, Шурыгин

Төрешілер: Фуркат Атажанов (Шымкент), Галымжан Айжигитов (Қызылорда), Рустам Бейжанов (Петропавл)

29 май. Алматы. «Орталық» стадион.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;