«Реал Мадрид» Чемпиондар лигасын 11-ші рет жеңіп алды
![«Реал Мадрид» Чемпиондар лигасын 11-ші рет жеңіп алды](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1464474031_520775764.jpg?v=28713500)
Мадридтік қос команда кездескен УЕФА Чемпиондар лигасының финалы «Корольдік клубтың» жеңісімен аяқталды.
Финалда «Атлетико» қақпасына гол соғуды үйреніп алған Серхио Рамос 15-минутта «Реалды» есепте алға шығарған. Бұған Диего Симеоне шәкірттері 79-минутта Феррейра-Каррасоның дәл соққысымен жауап қатты. Айта кетейік, бұдан сәл ертерек «Атлетико» есепті теңестіретін мүмкіндігін пайдалана алмады – Антуан Гризманн пенальтиден допты қақпа маңдайшасына тигізді.
Негізгі уақыт пен овертайм 1:1 есебімен аяқталып, Чемпиондар лигасының биылғы жеңімпазын пенальти сериясы анықтап берді. Бұл тұста Хуанфран ғана өз мүмкіндігін орындай алған жоқ. «Реал» өз тарихында 11-ші рет Чемпиондар лигасында топ жарып отыр.