русский язык
Футбол

Месси жарақат алды

Месси жарақат алды
Футболдан Гондурас құрамасымен жолдастық кездесуде Аргентина командасының капитаны Лионель Месси беліндегі жарақаты салдарынан ойыннан шығуға мәжбүр болды, деп хабарлады inform.kz.
 
Месси 64-ші минутта Гондурас футболшысы Оливер Марасанға соғылып қалғаннан кейін алаңнан кетті. Кейін Аргентина футбол қауымдастығының «Твиттерінде» аргентиналық шабуылшының сол жақ қабырғасы мен белі зақымданғаны жазылды.  
 
Футболдан Америка кубогына дайындық аясында өтіп жатқан жолдастық кездесуде аргентиналық құрама 1:0 есебімен жеңді. Қарсылас қақпасының кілтін шабуылшы Гонсало Игуаин таба білді.
 
Аргентина құрамасының келесі ойыны  6 маусымда Калифорнияда өтеді. Онда команда құрамасының қарсыласы Чили футболшылары болмақ.
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;