русский язык
Футбол

Александр Кержаков: «Қазақстан жайлы ойлап жүрген жоқпын»

Александр Кержаков: «Қазақстан жайлы ойлап жүрген жоқпын»

Швейцариялық «Цюрихтің» шабуылшысы Александр Кержаков «Советский Спорт» басылымына берген сұхбатында мансабын Қазақстан чемпионатында жалғастырмайтынын айтты. 

– Демалыс алдыңыз ба?

– Жоқ әлі, болашағымды шешіп алайын алдымен. 

– Аршавинмен сөйлесіп жүрсіз бе?

– Иә, соңғы рет Қазақстанда екі гол соққаннан кейін сөйлескенбіз.

– Мансабын Қазақстан чемпионатында жалғастыруыңыз мүмкін бе? 

– Бұл туралы ойлап жүрген жоқпын. «Зенитке» қайта оралғым келеді. «Цюрихте» ұлттық құрамаға іліну үшін ойнаған болатынмын, - деді Кержаков.  

Естеріңізге сала кетсек, қазіргі таңда «Қайраттың» намысын «Зениттің» бұрынғы ойыншылары Андрей Аршавин мен Анатолий Тимощук қорғайды.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;