русский язык
Футбол

«Арсенал» Гранит Джаканы сатып алды

«Арсенал» Гранит Джаканы сатып алды

Лондондық «Арсенал» ресми түрде 23-жастағы швейцариялық жартылай қорғаушы Гранит Джакамен келісімшартқа отырды.   

Швейцариялық футболшы «канонирлерге» менхенгладбахтың «Боруссия» клубынан ауысты. Бейресми ақпаратқа сүйенсек, трансфердің құны 24 млн. фунт стерлингті құрады.

«Гранит Джака – Чемпиондар лигасы мен Бундеслигада ойнап тәжірибе жинаған, жас талантты ойыншы. Біз оның ойынын ұзақ уақыт бойы бақыладық. Ол «Арсеналды» күшейтетіні анық», - деді Арсен Венгер. 

Қазіргі таңда, Гранит Джака Швейцария құрамасымен Францияда өтетін Еуропа чемпионатына дайындалуда. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;