русский язык
Футбол

Бауыржан Исламхан: «Командамыз ақырындап көтеріліп келе жатыр»

Бауыржан Исламхан: «Командамыз ақырындап көтеріліп келе жатыр»

Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан Kazfootball.kz сайтына ел кубогы аясында өткен «Жетісумен» кездесу жайлы айтып берді. 

— «Жетісуды» міндетті түрде ұтуымыз қажет еді. Қазақстан кубогы болған соң, мұнда әр ойын маңызды. Алаңға тек жеңіс үшін шықтық. 

— «Оқжетпеспен» өткен ойында сіз дубльдің авторы атандыңыз...

— Командамыз ақырындап көтеріліп келе жатыр. Жеңе бастадық. Мен үшін ең маңыздысы - бұл командамның жеңісі.  

— «Қайрат» жуырда ғана «Жетісумен» кездескен болатын. Қарсылас команда бұл жолы қалай ойнады?  

— Аталмыш ойын Қазақстан чемпионаты аясында өткен болатын. Ал бүгін ел кубогы аясында кездестік. «Жетісу» жарыс жолынан шыққысы келмеді, бірақ біз бүгін мықтырақ болдық. Әділетті жеңіске жеттік деп ойлаймын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;