русский язык
Футбол

«Шахтердің» бұрынғы қақпашысы өз клубына Белорусь кубогын алып берді

«Шахтердің» бұрынғы қақпашысы өз клубына Белорусь кубогын алып берді

Қарағандылық «Шахтердің» бұрынғы қақпашысы Валерий Фомичев Белорусь кубогының финалында басты қаһарман атанды.

Кубоктың ақтық матчында БАТЭ мен Фомичев қақпасын қорғайтын «Торпедо-БелАЗ» командалары кездесті. Матчтың негізгі және қосымша уақыттарында есеп ашылмады – 0:0. Ал ойыннан кейінгі пенальтиде «Торпедо-БелАЗ» ойыншылары жеңіске жетті. Валерий Фомичев болса, үш пенальтиді кері қайтарып, клубқа өз тарихында тұңғыш рет Белорусь кубогын алып келді. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;