Олег Лотов: «Жігіттердің психологиясы сыр берді»
![Олег Лотов: «Жігіттердің психологиясы сыр берді»](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1463896170_590211640.jpg?v=28720147)
«Тобыл» ФК бас бапкерінің міндетін атқарушы Олег Лотов «Атырауға» қарсы ойын туралы өз пікірін білдірді.
- Мүмкіндіктерді мүлт жіберіп жатамыз. Содан кейін жігіттердің психологиясы сыр береді. Ойынды қайта қарап, талдайтын боламыз. Менің ойымша, барлығы өздеріне байланысты.
- Екінші голдың кіруіне кім айыпты?
- Бейнешолуды қарау қажет. Қазір айта алмаймын.
- Бапкердің ауысуы қаншалықты әсер етті?
- Бұл әр командаға әсер етеді. Дегенмен, бізде әр ойын сайын бапкер ауыспайды ғой. Ойында асығыстық танытып жатамыз. Осыдан соң қателіктер туындайды.