русский язык
Футбол

«Жетісу» маусымдағы үшінші жеңісіне қол жеткізді

«Жетісу» маусымдағы үшінші жеңісіне қол жеткізді

Футболдан ел чемпионатының 12-турында талдықорғандық «Жетісу» қарағандылық «Шахтерді» қабылдады.

Бірінші таймда жанкүйерлер гол көре алмаған. Есесіне үзілістен кейін екі бірдей голдың куәгерлері болды. Алдымен, 56-минутта Душан Савич алаң иелерін алға шығарды. Араға сегіз минут салып, Илья Калинин «Жетісудың» басымдығын ұлғайтты.

72-минутта «кеншілерде» есеп айырмасын қысқартатын мүмкіндік болған. Бірақ пенальти нүктесіне келген Эрфан Зенели алаң иелерінің қақпашысы Андрей Пасеченкодан айласын асыра алмады.

Осылайша, 12-турдан соң еншісіне 12 ұпай жазды. Ал, «Шахтерде» 9 ұпай бар. Қос команда да екінші алтылықта келеді.

«Жетісу» - «Шахтер» 2:0

Голдар: 1:0 – Савич 56, 2:0 – Калинин 64

Орындалмаған пенальти: Зенели 72

 

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;