«Астана» «Ордабасыдан» айласын асырды
![«Астана» «Ордабасыдан» айласын асырды](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1463831605_102997508.jpg?v=28720880)
Футболдан ел чемпионатының екінші айналымын елордамызда «Астана» мен «Ордабасы» матчы ашты.
12-тур кездесуінде ел чемпионы шымкенттік қонақтарды қапы қалдырды. Ойын жылдам қарқынды басталды. 7-минутта Марин Аничич алаң иелерін алға шығар. Үш минаттан соң Александр Симчевич таразы басын теңестіріп тастады. Ал 21-минутта астаналықтар Рохер Каньястың көмегімен алға шықты.
Екінші тайм да алаң иелерінің басымдығымен өтті. 72-минутта Таңат Нөсербаев шымкенттіктер қақпасына өз командасының үшінші голын соқты. Қорытынды есеп – 3:1, «Астана» чемпионаттағы оныншы жеңісіне қол жеткізді.
Осылайша, елордалық команда 31 ұпай еншілеп, көш басындағы орнын нығайта түсті. Ал «Ордабасының» еншісінде 20 ұпай бар.
«Астана» - «Ордабасы» 3:1 (2:1)
Голдар: 1:0 – Аничич 7, 1:1 – Симчевич 10, 2:1 – Каньяс 21, 3:1 – Нөсербаев 72