русский язык
Футбол

РИО. Қазақ еркін күрес шеберлерінде бір жолдама кем

РИО. Қазақ еркін күрес шеберлерінде бір жолдама кем
ХХХІ Жазғы Олимпиада Ойындарында еркін күрестен Қазақстан құрамасында бес балуан жүлделі орындар үшін сынға түседі, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
 
Рио олимпиадасына қатысу үшін жолдама үлестіретін жарыстар былтыр Лас-Вегаста өткен әлем біріншілігінде басталған болатын. Кезекті әлем біріншілігіне аттанған Қазақстан құрамасы тек бір ғана жолдаманы иеленген-тін. Жалғыз жолдаманың иегері 57 келі салмақ дәрежесінде белдескен Артас Санаа. 
 
Қазақстан чемпионатынан кейін Астанада өткен Азия іріктеу бәсекесі еркін күрес шеберлері үшін табысты болды. 74 келіде Ғалымжан Өсербаев, 86 келіде Аслан Кахидзе, 97 келіде Мәмед Ибрагимов және 125 келіде Дәулет Шабанбай олимпиада жолдамасына иелік етті. Өкініштісі сол, 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде еркін күрестен ұлттық құрама жолдамасыз қалды. Астана, кейінен Моңғолия мен Түркияда өткен іріктеу турнирлерінде отандастарымыз сәтсіздікке ұшырады. 
 
Енді Рио-де Жанейро олимпиадасында Қазақстан еркін күрес шеберлері толық емес құрамда кілемге шығады. Ал грек-рим құрамасының еншісінде 3 жолдама ғана болса, әйелдер құрамасы төрт жолдамаға қол жеткізді. 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;