русский язык
Футбол

«Тараз» - «Ақтөбе». Кездесулер тарихы

«Тараз» - «Ақтөбе». Кездесулер тарихы
Бүгін Премьер-лиганың 12-шы туры аясында «Тараз» бен «Ақтөбе» командалары кездеседі. Осыған орай, екі команда арасындағы ойындардың статистикасын ұсынамыз.
 
«Тараз» футбол командасы алғаш рет 1968 жылы «Ақтөбеліктермен» бірінші кездесуін өткізген екен. Ол ойын сол кездегі Жамбыл қаласында өткен. Біздің «Энергетик» деп аталатын командамыз алғашқы кездесуде Ақтөбе командасынан 2-0 есебімен басым түскен. Сол кездегі екі голдың авторы атақты жерлесіміз Сейітжан Байшақов болды. Ал, тәуелсіздік алғалы бері өткізіп келе жатқан Қазақстан чемпионаттарында «Тараз» бен «Ақтөбе» командалары 39-рет кездесіп, оның 24-де Ақтөбеліктер жеңіске жетсе, 9-ойында Тараздықтар жеңіске жеткен. 6-ойын тең нәтижемен аяқталыпты. Осы уақытқа дейінгі «Тараз» және «Ақтөбе» командаларының кездесуінде Ақтөбеліктер 66-гол ұрса, Жамбылдықтар олардың қақпасына 52-гол соққан. Биылғы премьер-лига ойындарының екінші турында да бұл командалар Тараз қаласында кездесіп, 1:1 есебімен тең тарқасқан болатын.
 
«Тараз» баспасөз қызметі
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;