русский язык
Футбол

Твумаси Гана құрамасына алғаш рет шақыртылды

Твумаси Гана құрамасына алғаш рет шақыртылды

Елордалық «Астана» клубының ойыншысы Патрик Твумаси Гана құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

22 жастағы футболшысы үшін бұл Ұлттық құрамаға алғашқы шақырту. Гана құрамасы 22 мамыр күні Гвинеямен кездессе, 5 маусым күні Маврики командасымен күш сынасады.

Айта кетейік, Твумасы биылғы маусымда ҚПЛ аясында 11 ойын өткізіп, 2 гол және 4 нәтижелі пастың авторы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;