русский язык
Футбол

Әлібек Бөлешев: «Қайраттан» ұпай алуға тырысамыз»

Әлібек Бөлешев: «Қайраттан» ұпай алуға тырысамыз»

«Оқжетпестің» капитаны Әлібек Бөлешев ProsportKz.kz тілшісіне берген сұхбатында «Тобылмен» өткен кездесу жайлы және алдағы «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтып берді. 

- 1:1 есебі – әділетті нәтиже. Жеңіске лайық ойын көрсетпедік, ұтылғанда жоқпыз. Ойын тең өтті. 

 - Голды қалай жіберіп алдыңыздар?

- Бұған көп фактор әсер етті. Біз бір алаңда жаттығып, басқа стадионда кездесу өткіземіз. Бұған қоса үнемі жолдамыз. Бүгін бір қонақ-үйде, келесі күні басқасында. Әртүрлі алаңдарда жаттығамыз. Бұл  әрине көп күшті қажет етеді. Матч соңында мұқият ойнамадық, соның кесірінен гол жіберіп алдық. 

- Келесі турда «Қайратпен» кездесесіз. Алматылық команда өз алаңында әлі бірде-бір гол жібермеді...  

- «Қайраттан» ұпай алуға тырысамыз. Ешкім онда жеңілу үшін бара жатқан жоқ. Алматылық команда - фаворит, бірақ біз қорғаныста ойнап, қарымта шабуылда мүмкіндік іздейміз. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;