«Севилья» қатарынан үшінші рет Еуропа лигасын жеңіп алды
![«Севилья» қатарынан үшінші рет Еуропа лигасын жеңіп алды](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1463628199_457726595.jpg?v=28724015)
Испаниялық «Севилья» қатарынан үшінші рет Еуропа лигасының жеңімпазы атанды.
Базельдің «Санкт-Якоб Парк» стадионында өткен финалда англиялық «Ливерпуль» мен испаниялық «Севилья» кездескен. Алғашқы тайм Юрген Клопп шәкірттері үшін сәтті өткен еді. 35-минутта Даниел Старридж айып алаңына енер тұста алыс бұрышты дәл көздеді – 1:0.
Бірақ үзілістен кейін испаниялықтар жауапсыз үш гол соқты. Екінші тайм басталысымен-ақ Кевин Гомейро таразы басын теңестіріп тастады. Ал 64-минутта Коке Унаи Эмери шәкірттерін есепте алға шығарды. Араға тағы алты минут салып, Коке өз командасының үшінші голын соқты. Қорытынды есеп – 3:1, «Севилья» қатарынан үшінші рет Еуропа лигасында топ жарды.