русский язык
Бокс

Баду Джек: «Головкин Альваресті тоқтатады»

Баду Джек: «Головкин Альваресті тоқтатады»

Супер орта салмақ дәрежесінде WBC чемпионы швециялық боксшы Баду Джек мексикалық Сауль Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жек жайлы өз пікірін айтты.

«Альварес-Хан кездесуінде мен Әмірге жанкүйер болдым. Ол – жылдамдығы жоғары, техникасы мықты боксшы. Әмір Хан екі салмақ дәрежеге жоғары көтеріліп, өзінен ірі боксшымен жұдырықтасты. Бұл құрметке лайық шешім. Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек болады ма, оны білмеймін. Бірақ «Канело» онымен кездесуге дайынмын деді. Дұрыс, ол WBC белбеуіне міндетті қарсыласпен жұдырықтасуы тиіс. Егерде бұл кездесу ұйымдастырылса, Головкин Альваресті тоқтатады», - деді швециялық боксшы Boxing Scene сайтына. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;